Шынайы армандар ғана орындалады. Біреуге көрсету үшін, инстаграмға салу үшін, мақтану үшін жасалған армандар орындалуы мүмкін, бірақ бақыт алып келмейді.
Мысалы: Мен өмір бойы арықтап келемін. Және де арасында менде өзімді қинап, тек дұрыс тамақтану деп грамм өлшеп кеткен кездер де болды. Бірақ, қалаған салмаққа жеткен кезде мен шынайы бақытты сезіне алмадым, себебі: ол менің шынайы емес, елге көрсету үшін жасалған арманым екенін білдім.
Маған дәл қазір біреу: Бір миллион доллар берем десе мен оған аса қатты қуанбауым мүмкін. Себебі: әр адамның шынайы арманы әртүрлі.
Біз қоғамның, достар, ата-анамыздың бізге сіңдіріп берген емес, шынайы ішімізден шыққан, ол арманды айтқанда көзіміз от болып жанып, жан тәнімізбен сол нәрседен рахат сезіне алатындай нәрсені армандауымыз қажет.